Қоғам

Заң мен тәртіп: жасөспірімдерге құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қызылорда облысы Полиция департаменті Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының қызметкерлері Б. Шалғынбаев атындағы №217 мектепте оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді.

Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингке жол бермеу, құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар оқушыларға өз құқықтары мен міндеттерін білу, заң талаптарын сақтау, қатарластарымен қарым-қатынаста әдеп нормаларын ұстану және кез келген құқыққа қайшы әрекетке бейжай қарамау қажеттігі айтылды.

Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Полиция департаменті тарапынан өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

TuraNews

Back to top button