БастыҚоғам

Каспийдегі қайғылы оқиға: министрлік екі сарбаздың қайда болғанын айтты

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Каспийде болған қайғылы оқиға кезінде бастапқы тізімде неге 19 әскери қызметші болғанын, ал кейін бұл сан неліктен 17-ге дейін қысқарғанын түсіндірді.

«Әлеуметтік желілерде мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. туралы таралып жатқан ақпаратқа байланысты мынаны хабарлаймыз.

Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу барысында жеке құрамның бір бөлігі жағалауда болып, тиісті оқу міндеттерін орындады.

Мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. жағалауда оқу міндеттерін орындаған әскери қызметшілер тобының құрамында болды.

Қазіргі уақытта аталған әскери қызметшілер әскери бөлімнің орналасқан жерінде және күн тәртібіне сәйкес әскери қызметін атқарып жүр.

Азаматтарды тексерілмеген және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің ресми мәліметтеріне сүйенуге шақырамыз», — делінген министрліктің хабарламасында

TuraNews

Back to top button