БастыЭкономика

Қазақстанның негізгі 5 сауда серіктесі анықталды

2026 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 44,9 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 7,9%-ға артқан.

​Есепті кезеңде экспорт көлемі 24 млрд долларға жетсе, импорт көлемі 20,9 млрд долларды құрады. Қазақстанға тауар жеткізуші ірі елдердің көш басында Ресей (6,6 млрд $), Қытай (6 млрд $), Германия (1 млрд $), АҚШ (0,9 млрд $) және Оңтүстік Корея (0,5 млрд $) тұр.

​Ал отандық өнім экспортының негізгі бағыттары ретінде Қытай (4,9 млрд $), Италия (4 млрд $), Ресей (2 млрд $), Түркия (1,7 млрд $) және Өзбекстан (1,4 млрд $) елдері тіркелді.

​Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы төрт айындағы көрсеткіштер Қазақстанның сыртқы саудасында оң динамиканың сақталғанын және негізгі халықаралық серіктестермен тауар айналымының тұрақты өсіп келе жатқанын айғақтайды.

TuraNews

Back to top button