ӘлемМәдениет
Trending

Ұлыбританияда Ұлттық домбыра күні атап өтілді

Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі қазақ халқының төл мерекесі – Ұлттық домбыра күніне орай ерекше құттықтау жариялады.

Елшілік өз мәлімдемесінде: «Нағыз қазақ – домбыра. Оның үнінде ұлттың тарихы, мінезі мен жаны жатыр», – деп атап өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың домбыраны әлемге халқымызды танытатын бірегей брендке айналдыру туралы сөзін тілге тиек етті.

Мереке аясында Елшілік «Отандастар қорының» челленджіне қосылып, қасиетті қара домбыраның үнін бүгін Ұлыбритания астанасы Лондон төрінде күмбірлетті.

Анықтама: Ұлттық домбыра күні 2018 жылдан бері шілде айының алғашқы жексенбісінде ресми түрде атап өтіледі.

TuraNews

Back to top button