Ақорда баспасөз қызметініңі хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер өткізбек.
Сонымен қатар, Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездеседі. Ірі еуропалық компания жетекшілерінің қатысуымен өтетін «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстеліне де қатыспақ. Сөз сөйлеп, тағы бірқатар кездесу жоспарланған.



