БастыСпорт
Trending

«Астон Вилла» Ыстанбұлда Еуропа Лигасының чемпионы атанды

Англиялық «Астон Вилла» клубы финалда немістің «Фрайбург» командасын 3:0 есебімен айқын басымдықпен ұтып, өз тарихында тұңғыш рет УЕФА Еуропа Лигасының жеңімпазы атанды.

УЕФА Еуропа Лигасының 2025/26 жылғы маусымының финалы Түркияның Ыстанбұл қаласындағы «Тюпраш» стадионында өтті. Матчқа франциялық төреші Франсуа Летексье қазылық етті.

Англиялық ұжым финалдық кездесуді өте сенімді өткізіп, қарсылас қақпасына жауапсыз үш гол соқты және өз қақпасының маңында қауіпті сәттердің туындауына жол бермеді.

Бұл кубок «Астон Вилла» үшін Еуропа Лигасы/УЕФА Кубогы тарихындағы алғашқы жүлде болмақ. Бұған дейін команда 1982 жылы Еуропа чемпиондарының кубогын ұтып алған, сондай-ақ екі рет Интертото кубогының (2001, 2008) иегері атанған болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін англиялық «Арсенал» клубы 22 жылдан кейін алғаш рет Англия Премьер-лигасының чемпионы атанған еді.

TuraNews

Back to top button