ҚоғамСпорт

Қызылорда облысының әкімі жергілікті «Қайсар» футбол клубына қолдау көрсетті

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев, Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов және облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов «Қайсар- Аренада» өткен қостанайлық “Тобыл” мен жергілікті “Қайсар” футбол клубтары арасындағы Қазақстан Премьер-лигасының матчын тамашалады.

Ойын алдында аймақ басшысы жергілікті футболшылармен кездесіп, ізгі тілегін білдірді.

Қайсарлықтар Мұрат Нәлқожаұлына қолдауы үшін алғыс айтып, клуб атынан естелік сый-сияпат табыстады.

Тартысты матч нәтижесі 2:1 есебімен аяқталып, “Қайсар” футбол клубы Қазақстан Премьер-Лигасында алғаш рет жеңіске жетті.

Еске салсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, былтыр жыл соңында “Қайсар” футбол клубы жеке басқаруға берілген болатын. Клубтың жаңа иесі – белгілі кәсіпкер Исламғали Қозбақов. Өңір спортын дамыту, әсіресе футболды ілгерілету мақсатында инвестор демеушілігімен 20 млрд теңгеге «Қайсар» балалар академиясының құрылысы салынып жатыр. Онда 6 футбол алаңы, жабық манеж және медициналық орталық қарастырылған, 2027 жылдың соңына дейін пайдалануға берілмек.

Облыста 2022 жылдан бері 24 заманауи спорт кешені ел игілігіне табысталды. Биыл елді мекендерде соңғы үлгідегі 3 спорт нысаны іске қосылады.

 

 

 

 

TuraNews

Back to top button