Саясат

Түрік республикаларымен достық тобы құрылды

Солтүстік Кипр Түрік республикасы (СКТР) ассамблеясында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Түрікменстан парламенттерімен достық топтарын құру туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы (TRT).

TRT-нің дерегінше, республика парламентінің жалпы отырысында СКТР мен Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қазақстан және Әзербайжан парламенттері арасында достық топтарын құру туралы ұсыныс дауысқа салынып, ұсыныс бірауыздан қабылданған.

«Шешімнің қабылдануымен республика парламентінде жаңа 5 достық тобы құрылды. Достық топтарына Ұлттық бірлік партиясы, Республикалық түрік партиясы, Демократиялық партия және Қайта өрлеу партиясының депутаттары кірді», деп жазды Түркиялық ақпарат порталы.

TuraNews

Back to top button