Спорт
Ұлытауда «Ұлытау барысы» іріктеу жарысы өтті

Ұлытау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық Спорт орталығының ұйымдастыруымен қазақтың ұлттық спорты – қазақ күресінен «Ұлытау Барысы» атты аудандық іріктеу жарысы өткізілді.
Аталған жарысқа ауданымыздың әр ауылдық округтерінен келген балуандар қатысып, өзара тартысты белдесулер көрсетті. Жарыстың басты мақсаты – ұлттық спорт түрін дамыту, жас балуандарды қолдау және алдағы облыстық «Ұлытау Барысы» жарысына үздік спортшыларды іріктеу болып табылады.
Белдесулер барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жанкүйерлерге әсерлі әрі қызықты сәттер сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан балуандар арнайы дипломдармен және жүлделермен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды.



