Қоғам
Trending

Ұлытау облысында алғашқы дауыс берушілерге сыйлық табысталды

Ұлытау облысындағы референдум учаскелерінде алғаш болып дауыс берген азаматтарға арнайы сыйлықтар табысталды. Облыс бойынша дауыс беруге алғаш келген 5 тұрғынға естелік сыйлықтар берілді.

Ұлытау ауданының тұрғыны Зукен Ершуманова алғаш болып дауыс берді. Таңмен таласа №123 сайлау учаскесіне келген ол жаңа Конституцияны таңдау маңызды екенін атап өтті. Кент тұрғынының айтуынша, ол учаске ашылмай тұрып келген.

– Референдумда өз дауысымды беруді азаматтық міндетім деп білемін. Сол әдетім бойынша биыл да ерте келдім. Бірінші болып дауыс беру үшін ерте тұрып, сағат 06:00-ден бері учаскенің ашылуын күттім. Еліміздің болашағын айқындайтын үлкен саяси науқанға алғашқы болып үлес қосқым келді, – дейді Зукен Ершуманова.

TuraNews

Back to top button