Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Әзірбайжанның Баку қаласында өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп жазады BasSport.kz порталы.
ҚР ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, халықаралық турнир 5-8 наурыз аралығында өтеді. Қазақстан құрамасының сапына мына спортшылар енді:
- Милад Карими
- Нариман Курбанов
- Дмитрий Патанин
- Диас Тойшыбек
- Зейнолла Ыдырысов
- Эвелина Ежова
- Радмилла Тарасова
Айта кетейік, бұған дейін Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде Нариман Курбанов ат снарядындағы жаттығуда қола медаль жеңіп алған еді.



