Азаматтық қорғаныс туралы көбірек білу

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні аясында ШҚО ТЖД бөлімшелерінде ашық есік күндері өткізілуде. Негізгі мақсат – қауіпсіздік шараларын үйрету және әртүрлі төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету керектігі туралы ақпарат беру.
Қонақтарға, азаматтарға төтенше жағдайда көмекке келетін заманауи техника таныстырылды. Өрттің алдын алу және тұтанудың алғашқы белгілері байқалған кезде қалай әрекет ету керектігі үйретілді.
Оқушылар мен студенттер жауынгерлік киімді киіп көріп, өрт сөндіру автокөліктерінің рөліне отырып, бір сәтке нағыз құтқарушы ретінде сезіне алды. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Сонымен қатар мектептерде және ұйымдарда жер сілкінісі кезіндегі жаттығулар, төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау ережелері бойынша оқу-жаттығулар, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған байқаулар мен интерактивті сабақтар ұйымдастырылуда.



