Әлем
Trending
Өзбекстан билігі араға отыз жеті жыл салып жалпыұлттық халық санағын өткізуде
Көршілес Өзбекстанда соңғы рет 1989 жылы жүргізілген халық санағы биыл қайта қолға алынды. Соңғы мәліметтер бойынша ел тұрғындарының саны 38 миллионнан асқан, бұл отыз жылдан астам уақыт бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге жуық көп.
Қырық бес күнге созылатын маңызды шараның алғашқы кезеңі заманауи үлгіде, яғни онлайн форматта ұйымдастырылды.
Өзбекстанның Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, тұрғындардың 80 пайыздан астамы арнайы портал арқылы сауалнаманы өз бетінше толтырған. Қазіргі таңда 55 мыңнан астам арнайы дайындықтан өткен маман үй-үйді аралап, электронды жүйеден тыс қалған азаматтарды тіркеп жатыр.
Жетпістен астам сұрақтан тұратын сауалнама арқылы тек халық саны ғана емес, елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалы мен демографиялық ерекшеліктеріне де терең талдау жасалмақ. Жиналған мәліметтер алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламаларды жоспарлауға негіз болады.
Жалпыұлттық науқанның алдын ала қорытындысы биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін жарияланады деп күтілуде.



