БастыСпорт
Trending

Софья Самоделкина: Қазақстан – менің анамның Отаны

Италияда өткен Олимпиада ойындарының мәнерлеп сырғанау жарысына қатысқан 19 жастағы Софья Самоделкина 24 ақпанда өзінің Telegram-арнасында Қазақстанға арнап кең көлемді жазба жариялады, деп жазады Zakon.kz.

Спортшының айтуынша, оның өміріндегі жаңа кезең 2023 жылы басталған. Дәл сол жылы ол анасының Отаны – Қазақстан Республикасының атынан өнер көрсете бастаған.

«Бұл – мен үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Маған сенім артты. Маған тұтас бір ел қолдау білдіріп отыр. Қазақстан Республикасына көрсеткен сенімі мен қолдауы үшін шын жүректен алғыс айтамын», – деді Софья Самоделкина.

©Сали Сабиров

Мәнерлеп сырғанаушы өзіне қолдау көрсеткен жандарға ризашылығын білдірді.

«Ең алдымен анама алғыс айтқым келеді. Табандылығы, талапшылдығы, төзімі және өзім күмәнданған сәттерде де маған сенгені үшін рахмет. Бұл – оның да Олимпиадасы», – деп атап өтті спортшы.

Сондай-ақ Самоделкина жанкүйерлеріне ерекше алғыс білдірді.

«Мен өнер көрсеткен сәтте жүректеріңіздің қалай дүрсілдегенін білемін. Қолдауларыңызды сезіндім. Хабарламаларыңыз, тулар, жылы сөздеріңіз – әрдайым менімен бірге жүретін қуат», – деді ол.

TuraNews

Back to top button