Түрікменстан Президентінің Астанаға мемлекеттік сапары 24-25 қараша күндеріне жоспарланған.
Сапар аясында тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.
Соңғы отыз жылдан аса уақыт ішінде Астана мен Ашхабад саяси, экономикалық және көлік-логистикалық салаларды қамтитын өзара ынтымақтастықты тұрақты дамытты. Серіктестіктің негізгі бағыттарын Kazinform тілшісі сарапшылармен бірге талдап шыққан еді.
Сердар Бердімұхамедовтің ұшағы Астанаға кеше түс ауа қонды, мәртебелі мейманды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алып, Құрмет қарауылы сап түзеді.
Түрікменстан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында бірқатар салаларға қатысты келіссөздер жүргізіледі.



