
Жедел өзгеріп жатқан технологиялар мен жаңа сын-қатерлер жағдайында инженер-конструкторлардың, механиктердің, бағдарламашылардың, электроника және киберқауіпсіздік саласындағы мамандардың еңбегі айрықша маңызға ие.
Сала қызметкерлері заманауи әскери техника жасап, озық технологияларды енгізіп, өндірістің сенімділігін қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде жоғары кәсібилікті, нақтылық пен зор жауапкершілікті талап етеді.