ӘлемБасты

Қырғызстанда болған жер сілкінісі Өзбекстанның 5 өңірінде сезілді

Эпицентрі Қырғызстанда болған жер сілкінісінен Өзбекстанның бірнеше өңірінде күші 4 балға дейін жеткен жерасты дүмпулері сезілді.

Өзбекстан Сейсмикалық мониторинг орталығының дерегінше, жер сілкінсі бүгін сағат 1:29–1:30 аралығында тіркелді, деп хабарлайды TuraNews.kz порталы Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Эпицентрде, яғни Қырғызстанның Жалал-Абад өңіріндегі жерасты дүмпуінің күші 7 балл болды. Тиісінше, Өзбекстанның Наманған (3-4 балл), Андижан (3 балл), Ферғана (2-3 балл), Сырдария облыстарында (2 балл) және Ташкент қаласында (2-3 балл) жер сілкінісі сезілді.

Қоса кетейік, аталған жер сілкінісі еліміздің Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында сезілді.

 

 

TuraNews

Back to top button