Саясат

Өзбекстан Президенті Әзербайжанға барады

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен 2 шілде күні мемлекеттік сапармен осы елге барады.

ӨзА-ның хабарлауынша, сапар аясында Баку қаласында Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысы және басқа да жоғары деңгейдегі іс-шаралар өткізіледі. Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы достық, стратегиялық әріптестік және одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері қаралады.

Сондай-ақ, Шавкат Мирзиёев Ханкенди қаласында өтетін Экономикалық ынтымақтастық ұйымының кезекті саммитіне қатысады.

 

TuraNews

Back to top button