Ирак түрікмендері өздеріне лауазымды қызметтер берілмейтінін айтып, наразылыққа шықты
Ирактың Киркук қаласының Алтункупру ауданында тұратын түрікмендер жергілікті үкіметтен орын бөлінбегеніне наразылық білдіруде

Анадолу агенттігінің хабарлауынша, Киркук аймақтық кеңесіндегі Ирак түрікмен майданының мүшесі Ахмед Ремзи Купрулу баспасөзге түрікмендер тұратын барлық аймақтарда, әсіресе Алтункупруде өздеріне әділетсіздік жасалып жатқанын айтты.
Наразылық акциясы Алтынкупру шейіттері ескерткішінің алдына шатыр тігілумен басталған. Купрулу наразылық акциясы аймақтағы қалалық бюрократиямен ғана шектелмейтінін айтты.
Оның сөзінше, наразылық шарасы жалғасады.
Жергілікті түркімендер көп жылдар бойы бірлескен әкімшілік құруды талап етіп келеді, енді оны жүзеге асыру керек.
Тағы бір наразылық білдіруші Мұхаммед Купрулу аты түрікше болған Алтункупру шағын ауданында түрікмендердің ешқандай әкімшілік құқықтары жоқ екенін баса айтты.
Ол көп жылдар бойы түрікмендерге муниципалдық, аудандық, полиция бастығы лауазымдары берілмейтінін атап өтті. Түрікмендер өз елінде өздерін бөтен адамдай сезіне бастады.
Купрулу түрікмендер тұратын Алтункупру ауданында әділет басқармасын құруды талап етті.