ӘлемБастыСаясат

Арменияда құқық қорғау органдары билікті күшпен басып алу әрекетінің жолын кесті

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Тергеу комитетінің «Қасиетті күрес» қозғалысы көшбасшыларымен мүшелерінің Армения билігін басып алу террористік әрекетінің жолын кескені туралы мәлімдемесіне назар аударды.

Бұл туралы armenpress хабарлады, деп жазады Kazinform агенттігі.

— Құқық қорғау органдары қылмыстық топтар, олигархтар мен дін өкілдерінің бірігіп, Армения Республикасындағы тұрақтылықты бұзуға бағытталған ауқымды, зұлым жоспарының алдын алды, — деп жазды. Пашинянның Facebook парақшасындағы бұл жазбасын Арменпресс жариялады.

Осыған дейін Арменияның Тергеу комитеті «Қасиетті күрес» қозғалысының жетекшілері мен мүшелері террористік және билікті басып алуға бағытталған әрекет жасауды жоспарлағаны туралы мәлімдеме жариялаған болатын.

Сондай-ақ қылмыстық өндіріс аясында аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел тергеу және өзге де шаралар жүзеге асырылып жатыр.

 

 

TuraNews

Back to top button