Қоғам

Сәтбаев қаласында «avtobys»қоғамдық көлік қосымшасы енгізілмек

Қала тұрғындары үшін қоғамдық көлікпен жүру жуық арада әлдеқайда ыңғайлы болмақ.

Қалада жақын күндері «avtobys» мобильді қосымшасы іске қосылады. Бұл қосымша арқылы тұрғындар автобустардың қозғалысын нақты уақытта бақылап, маршруттармен танысып, сапарларын тиімді жоспарлай алады.

Жобаны енгізу мәселесі қала әкімінің орынбасары Ахмет Сыздымановтың Шымкент қаласына жасаған іссапары барысында «avtobys» компаниясының өкілдерімен кездесіп, келіссөздер жүргізу нәтижесінде шешімін тапты.

Қазіргі таңда қалада екі негізгі тасымалдаушы мекеме жұмыс істейді, және қосымша іске қосылған соң аталған мекемелердің қызметін толық қамтитын болады.

Маңызды ерекшелігі – Сәтбаев қаласының тұрғындары бұл қосымшаны Жезқазған қаласына барған кезде де пайдалана алады.

Бұл аймақтық көлік жүйесін цифрландыру жолындағы маңызды қадам саналады.

TuraNews

Back to top button