
Қазақстан Республикасы делегациясын Көлік министрі Марат Қарабаев бастап барды, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Ұлытау облысынан форумға облыс әкімінің орынбасары Жәнібек Нүпіров, «Ұлытау» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Садыбеков және «Жеңіс асыл тұқымды зауыты» ЖШС басшысы Нұрсұлтан Жарылғапов қатысты.
Форум аясында инвестициялық жобалар, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары және ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен бастамалар талқыланды. Әсіресе, Ұлытау облысына ерте пісетін көкөністерді жеткізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Пәкістандық инвесторлармен, кәсіпкерлермен және фермерлермен бірқатар екіжақты кездесулер өтті.
Пәкістан–Қазақстан бизнес-форумы екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға, тікелей инвестицияларды ынталандыруға және аграрлық саладағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға маңызды алаңға айналды.