БастыҚоғам

Ораза айтта Түркия халқы 9 күн демалатын болды

Түркия биылғы Ораза айтта тоғыз күн демалатын болды. Бұл жаңалықты ел Президенті Режеп Тайып Ердоған жариялады.

Үш күндік айт мейрамынан кейін келетін 2, 3, 4 сәуір жұмыс күндері де Президент жарлығымен демалыс болып есептеледі.

«Мектептердегі көктемгі каникул мерзімімен тұспа-тұс келген Ораза айт мерекесі күндері барлық түркиялықтар отбасымен бірге демалуы үшін осындай игі қадамға бардық», — деді Режеп Тайып Ердоған.

Бұған дейінгі жылдарда түркиялықтар Ораза айтта үш күн, Құрбан айтта 9 күн демалатын.

 

TuraNews

Back to top button