Басты

Түрікменстан Президенті Қадір түніне орай 321 сотталушыға рақымшылық жасады

21 наурыз, жұма күні Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов министрлер кабинетінің цифрлық форматтағы кезекті отырысын өткізді. Отырыста мемлекет өмірінің өзекті мәселелері талқыланды.

Turkmenportal сайтының хабарлауынша, отырыс барысында Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Түрікменстан Президенті жанындағы азаматтық және рақымшылық жасау мәселелері бойынша ұсыныстарды дайындау жөніндегі комиссияның төрағасы Б.Гундогдыев қасиетті Қадір түні (Гадыр Гиджеси) мерекесіне орай сотталғандарға рақымшылық жасау жөніндегі комиссия жұмысының қорытындылары туралы баяндама жасады.

Баяндаманы тыңдаған Президент Сердар Бердімұхамедов мейірімділік дәстүрін сақтай отырып, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан елдің 321 азаматына рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысы Комиссия төрағасына құқық қорғау органдарының басшыларымен бірлесіп, рақымшылық жасалған адамдарды уақтылы босатуды және олардың отбасыларына қайтарылуын ұйымдастыруды тапсырды.

 

 

TuraNews

Back to top button