
ТүркПА қатарына қосылу ұсынысы Түрікменстан парламенттік делегациясының Анкараға сапары барысында айтылды, оны Меджлис төрайымы Дуньягозель Гулманова басқарды.
Тараптар парламентаралық ынтымақтастық мемлекетаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға септігін тигізетініне, ал екіжақты негізде құрылған парламенттік достық топтары заң шығару қызметі саласында тәжірибе алмасуға және парламенттік дипломатияны дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.
ТүркПА – құрамына Қазақстан, Түркия, Әзербайжан және Қырғызстан кіретін халықаралық ұйым.
Бұған дейін Әзербайжан астанасында Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының 13-ші жалпы отырысы мен Ассамблея кеңесінің отырысы өткені хабарланған болатын.
Іс-шараларға Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов бастаған делегация қатысты.