
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Өзбекстан мен АҚШ дипломаттары арасында өткен келіссөз нәтижесінде аталған азаматтарды елге қайтару бойынша келісім жасалған.
— АҚШ тарапымен келіссөз нәтижесінде 24 ақпанда Нью-Йорк -Ташкент бағыты бойынша Өзбекстанға 7 азамат оралды. Оларды әуелде Коста-Рикаға депортациялап, уақытша орналастыру орталығына жайғастыру жоспарланған болатын, — делінген Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тағы мигранттарды Коста-Рикаға депортациялау бойынша Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі үндеу жасаған еді. Онда ведомствоның баспасөз хатшысы Ахрор Бурханов барлық азаматқа тиісті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.