БастыҚоғам

Өзбекстанда соғыс ардагерлеріне «Жеңістің 80 жылдығы» медалі беріледі

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге бағытталған жарлыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 10 мың доллар көлемінде бір реттік ақшалай сыйақы беріледі. Сонымен қатар, дәрежесі осы санаттағы адамдарға теңестірілген өзбекстандықтарға 25 млн сум (шамамен 970 мың теңге) ұсынылады.

Ал 1941-1945 жылдар аралығында майдан қажеттілігі үшін еңбекке тартылған азаматтар 3 млн сум (116 мың теңге) алады.

Жарлықта жазылғандай, бұл бағыттағы шығыстар республикалық бюджет есебінен өтеледі.

Бұған қоса, соғыс ардагерлеріне Жеңістің 80 жылдығы медалі беріледі, сондай-ақ түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Құжатқа сәйкес, 9 мамыр күні сағат 21:00–де Ташкент қаласында отшашу болады.

Қоса кетсек, биыл Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл «Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы» деп жарияланды.

 

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button