![](https://turanews.kz/wp-content/uploads/2025/02/tasoulas_web-96x6-1-780x470.webp)
Грекия парламенті бұрынғы спикер, «Жаңа демократия» партиясының мүшесі Константин Тассуласты ел президенті етіп сайлады. Оны дауыс беруге қатысқан 276 депутаттың 160-сы қолдаған.
Президент болып сайлану үшін Тассулас кемі 151 дауыс жинауы керек еді. Ол енді Грекияның алғашқы әйел-президенті Катерина Сакелларопулдың орнына жайғасады. Мемлекет басшысы қызметіне наурыздың 13-нен бастап кіріседі.
Константин Тассулас 66 жаста. Бұған дейін Мәдениет министрі, Қорғаныс министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.