![](https://turanews.kz/wp-content/uploads/2025/02/7b3fabc-bda-469e-b854-2bac68a712b8-780x470.webp)
Тараптардың кездесуі барысында Өзбекстан мен Малайзияның мұнай-газ, химия және энергетика салаларындағы ынтымақтастығы талқыланды.
— Геологиялық барлау жүргізу және перспективалы кен орындарын игеру, көмірқышқыл газының қоршаған ортаға келтіретін залалын азайту үшін озық технологияларды енгізу мәселелері ынтымақтастықтың басым бағыттары ретінде айқындалды. Сондай-ақ, тараптар Petronas университетінің базасында жоғары білікті кадрларды даярлауға уағдаласты, — делінген Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.