Қазақстан мен Орталық Азиядағы «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» науқаны өз мәресіне жетті
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов Қазақстан мен Орталық Азиядағы «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» адвокаттық науқанының жабылуына арналған мәдени іс-шарада құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шараны «БҰҰ-Әйелдер» құрылымы гендерлік зорлық-зомбылықты жою жөніндегі Орталық Азия альянсымен бірлесіп ұйымдастырды.
Ж. Әбдрашов Орталық Азия елдерінде Еуроодақ пен БҰҰ-ның «Күн шуағы» бірлескен бастамасының табысты іске асырылуын, гендерлік зорлық-зомбылықты жою жөніндегі Орталық Азия альянсын құруды, сондай-ақ БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 60-тан астам ел қолдаған тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою туралы қарарын қабылдауды атап өтті. Танымал қазақ дипломаты Мадина Жарбосынованың Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою комитетінің (CEDAW) құрамына сайлау да маңызды меже болды. Сонымен қатар Қазақстан «Бейжің+30» өңірлік шолуының тең төрағасы болды және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325 «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» қарарын орындау бойынша жол картасын ұсынды. Сондай-ақ Қазақстанның әйел бітімгерлері халықаралық аренада да табысты қызмет етеді.
СІМ Өкілдік басшысы Қазақстанның гендерлік зорлық-зомбылықпен күресуге және әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғауға бейілді екендігіне сендірді.