ӘлемТехнология

Илон Маск 400 млрд доллардан астам байлыққа ие болған әлемдегі алғашқы адам атанды

Tesla бас директорының байлығы 439 миллиард долларға жетті.

Bloomberg хабарлауынша, Tesla және SpaceX бас директоры Илон Масктың байлығы 439,2 миллиард долларға жетті.

SpaceX компаниясы 350 миллиард долларлық құнымен ең қымбат стартапқа айналғаннан кейін Масктың капиталы шамамен 50 миллиард долларға өсті.

Маск байлығы бойынша Amazon негізін қалаушы Джефф Безос пен Meta басшысы Марк Цукербергтен озып тұр.

Илон Маск 2021 жылдың қаңтарында Amazon бас директоры Джефф Безосты артқа тастап, тарихтағы ең бай адам атанған еді. Сол уақытта оның байлығы 194,8 миллиард долларға бағаланды.

Bloomberg бұған дейін Масктың байлығы Дональд Трамп АҚШ президенттік сайлауында жеңіске жеткеннен кейін де өсуін жалғастырғанын атап өткен болатын. Маск Республикалық партия үміткерін көпшілік алдында қолдаған санаулы ірі кәсіпкерлердің бірі болды.

Америкалық кәсіпкер Илон Маск 2027 жылға қарай әлемдегі алғашқы долларлық триллионер атануы мүмкін деп жазды The Guardian газеті. Есептеулерге сәйкес, Масктың байлығы жылына орта есеппен 110 пайызға өсіп жатыр.

Әлемнің екінші триллионері 2028 жылға қарай үнді миллиардері Гаутам Адани болады деп күтілуде. Сондай-ақ Nvidia бас директоры Дженсен Хуанг пен индонезиялық магнат Праджого Пангестудың байлығы да 2028 жылы 1 триллион долларлық межеден асуы мүмкін.

Source
ӨзА

TuraNews

Back to top button