— Өзбекстан мен Қытай басшылары арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде әріптесіммен бірге азаматтарға 30 күн бойы визасыз саяхаттауға мүмкіндік беретін келісімге қол қойдық. Бұл — халықтар арасындағы байланысты нығайтып, сауда-саттық көлемін ұлғайтуға бағытталған үлкен істердің бір парасы, — деп жазды Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Аталған келісімнің нақты қашан күшіне енетіні қосымша хабарланады.