ӘлемСаясат

Абхазияда кезектен тыс президент сайлауы өтеді

Сайлау президент Аслан Бжания отставкаға кеткен және парламент оны 19 қарашада қабылдаған күннен бастап үш ай ішінде өтуі тиіс.

Абхазияда мерзімінен бұрын президент сайлауы 2025 жылдың 19 ақпанына дейін — 15 немесе 16 ақпанда өтуі мүмкін, деп жазады ТАСС.

— Сайлау президент Аслан Бжания отставкаға кеткен және парламент оны 19 қарашада қабылдаған күннен бастап үш ай ішінде өтуі керек. Бұл конституция бойынша сайлау үш ай ішінде, яғни 19 ақпанға дейін өтуі керек дегенді білдіреді. Абхазияда сайлау әрқашан демалыс күндері өтетіндіктен, бұл жолы сенбі, 15 ақпан немесе жексенбі, 16 ақпан болуы мүмкін, — деп хабарлады елдің Орталық сайлау комиссиясы.

Сонымен бірге ол сайлау күнін парламент белгілеуі керектігін қадап айтты.

— Парламенттің кезектен тыс сайлау күнін белгілейтін отырысының күні әлі анықталған жоқ, — деді ел парламентінің баспасөз қызметі.

Абхазия  — халықаралық құқықтық статусы бойынша Грузия аймағы саналатын жартылай-мойындалған мемлекет. Басты Кавказ жотасының оңтүстік беткейінің солтүстік-батысында және Қара теңіздің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан.

Грузияның әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша – Абхазия Автономиялық Республикасы. Ресей басып алғаннан кейін, Грузия үкіметі бақыламайды.

 

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button