Түркіменстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бұл туралы Түркіменстан-Ресей экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағалары, Түркіменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары — Сыртқы істер министрі Рашид Мередов пен Ресей премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчуктың кездесуі барысында белгілі болды.
Шағын құрамдағы келіссөздер барысында тараптар өзара мүдделі серіктестіктің негізгі аспектілерін талқылады.
«Қатысушылар бұл кездесудің ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау және бірлескен қызметтің жаңа нысандарын іздеу үшін маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ тараптар қолданыстағы жобаларды одан әрі жүзеге асыру мәселелерін талқылап, көлік және электр энергетикасы сияқты салаларға назар аударды», денілген хабарламада.