Экономика

Түркіменстан бензин бағасы ең төмен елдер қатарына кірді

Түркіменстан 2024 жылдың 21 қазанындағы жағдай бойынша АИ-95 бензинінің бағасы ең төмен он елдің қатарына енді.

Global Petrol Prices порталының мәліметі бойынша, Түркіменстанда бір литр бензиннің құны $0,429 құрайды, бұл елді жанармай бағасы ең қолжетімді елдер арасында сегізінші орынға шығарды.

Айта кетейік, бұл тізімде литріне $0,029 бағасымен Иран көш бастап тұр. Сонымен қатар, бензин бағасы ең төмен елдер тізіміне Қазақстан, Малайзия, Мысыр, Алжир, Кувейт, Ангола, Венесуэла және Ливия да кірді.

Өз кезегінде бензиннің ең жоғары бағасы Израиль, Лихтенштейн, Нидерланды, Дания, Сингапур, Барбадос, Исландия, Монако және Гонконг сияқты елдерде тіркелді. Ең жоғары баға Гонконгта байқалды – литріне 3,311 доллар.

TuraNews

Back to top button