Қоғам

Өзбекстанда есірткі контрабандасы бойынша күдікке ілінген Қазақстан азаматы ұсталды

Өзбекстанның Сұрқандария облысында шекарашылар үш адамды ұстады. Олар елге есірткі заттарын кіргізбек болды деген күдікке ілінген.

Өзбекстанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, 20 келіден астам апиын мен гашиш Тәжікстаннан жеткізілген.

«Сонымен қатар, Мұзрабад ауданында ауған есірткі курьерлері жасырын жерде қалдырған екі келіге жуық апиын мен төрт келіден астам гашишты алып жатқан жерінен тағы бір ер адам ұсталды. Осы іс-шара барысында Термезде есірткі алып жатқан жерінен Қазақстан азаматы ұсталды», — деп хабарлады Өзбекстан МҚҚ.

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Барлық күдікті қамауға алынды.

 

Source
Zakon.kz

TuraNews

Back to top button