Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің тілшісінің хабарлауынша, дауыс беруге 1096 ауыл тұрғынының 1066-сы (97%) қатысты. Олардың 956-сы АЭС құрылысы жобасын қолдайтынын білдірді. 79 адам қарсы дауыс берді.
Тағы 14 бюллетень жарамсыз деп танылды, себебі сайлаушылар екі жауап нұсқасын бірден белгіледі. 17 бюллетень бүлінген.