Саясат

Әзербайжанда АЭС құрылысына қатысты дауыс беруге арналған сайлау учаскесі ашылды

Қазақстанда атом электр стансасын (АЭС) салу жөніндегі республикалық референдум өтіп жатқан ҚР Бакудегі Елшілігінде №394 сайлау учаскесі сағат 07:00-де (Астана уақытымен cағат 08:00) ашылды.

Республика бойынша барлығы 180-ге жуық сайлаушыларымыз тіркелген. Әзербайжанда тұрақты тұратын немесе уақытша болатын 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау құқығын пайдалана алады, деп жазады Kazinform агенттігі.

Референдум өтетін күні дауыс беру үшін жарамды төлқұжат немесе ҚР азаматының жеке куәлігі болуы керек. №394 сайлау учаскесінің мекенжайы: Баку қ., Н. Рафиев көшесі, 14. Учаске жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де жабылады.

TuraNews

Back to top button