БастыЭкономика

Түрікменстанның жалпы ішкі өнімінің өсу қарқыны жарияланды

Түркіменстанның ішкі жалпы өнімінің өсу қарқыны биылғы жылдың басынан бері тұрақты 6,3 пайызды құрады.

Бұл туралы халық кеңесінің отырысында президент Сердар Бердімұхамедов мәлімдеді.

«Ұлттық экономиканың өсу динамикасы ағымдағы жылдың басынан бері жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны тұрақты 6,3 пайызды құрап отыр, бұл бүкіл ел бойынша жүргізілген реформалардың сәтті жүзеге асырылуының көрсеткіші», — деп атап өтті Бердімұхамедов.

Ақпаратқа сәйкес, Түркіменстан үкіметі мемлекеттік инвестициялық саясаттың тиімділігін арттыру бойынша мақсатты шаралар қабылдауда. Сондай-ақ, елдегі түрлі аймақтардың экономикалық әлеуетін нығайтуға көмектесетін өңірлік және республикалық инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда оң үрдіс байқалады.

«Сонымен қатар, жақында өткен Түрікменстанның инвестициялық форумы әлемдік қауымдастықпен экономикалық серіктестікті жақсартуға мүмкіндік беріп, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға және елдің инвестициялық әлеуетін таныстыруға мүмкіндік берді», -денілген мәлімдемеде.

TuraNews

Back to top button