БастыҚоғам

Өзбекстанда қызын 25 мың долларға сатпақ болған әйел сотталды

Сот оны кінәлі деп тауып, бес жылға соттады

Өзбекстанда 41 жастағы әйел жасөспірім қызын сатпақ болғаны үшін сотталды, деп хабарлайды TuraNews.kz агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйел 13 жастағы қызын 25 мың долларға бағалап, қаражатты алғаннан кейін мейрамханада тұтқындалды. Ол өзінің үйі жоқ екенін алға тартып, бұл қадамға дәл осы себептен барғанын айтты. Сондай-ақ жасаған ісіне өкінетінін де жасырмады.

Сот оны кінәлі деп тауып, бес жылға соттады. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Ал, балалары мемлекеттік қорғауға берілді.

TuraNews

Back to top button