Қоғам
Қырғызстаннан Қазақстанға 3,3 кг алтын өткізбек болғандар ұсталды
Қырғызстанда құн 30 млн қырғыз сомынан асатын алтын құмаларды Қазақстанға өткізу әрекетінің жолы кесілді.
Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 қыркүйек күні «Кен-Булун» бақылау бекетінде Қазақстанға бет алған Lexus 470 маркілі көлігі тоқтатылды. Көлікті тексеру барысында арнай орнатылған жасырын орын анықталды. Ол жерден салмағы 3,3 кг болатын Қырғызстаннан шығаруға рұқсат беретін құжаттары жоқ алтын табылды.
«Қазіргі таңда жедел тергеу әрекеттерінің аясында республикалық бюджетке келтірілген шығын көлемін есептеу жөніндегі жұмыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ құрамында алтыны бар металдар контрабандасына қатысы бар өзге адамдарды анықтау жұмыстары жүргізліп жатыр»,-делінген хабарламада.