Басты

Қырғызстан Әзербайжаннан мұнай импорттайды

Қырғызстанның Энергетика министрлігі Әзербайжан тарапын осы елге шикі мұнай жеткізу және өңдеу туралы келісімге қол қоюға шақырды.

Қырғызстан Энергетика министрлігінің хабарлауынша, бұл мәселе Әзербайжан мен Қырғызстанның тиісті ведомстволарының басшылары Парвиз Шахбазов пен Таалайбек Ибраев арасында Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымының 4-ші отырысы аясында өткен кездесуде талқыланды.

Кездесу барысында Таалайбек Ибраев Әзербайжанның мұнай кен орындарын игеру және мұнай өнімдерін өндіру саласындағы тәжірибесінің жоғарылығына тоқталды. Осыны ескере отырып, министр Қырғызстанға шикі мұнай жеткізу және өңдеу бойынша ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қоюды, жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы гидроэнергетикалық жобаларға қатысуды ұсынды.

Қырғыз тарапы Қырғызстанда электромобильдер үшін зарядтағыштарды сатып алу және орнату үшін бастапқы кезеңде Әзербайжан-Қырғыз даму қорынан 2 миллион доллар көлемінде жеңілдікті қаржыландыру мәселесін қарастыруды ұсынды.

Парвиз Шахбазов өз кезегінде ынтымақтастыққа дайын екенін айта келе, мұнай жеткізу мәселелерін талқылау үшін арнайы жұмыс тобын құруды ұсынды. Сонымен қатар, ол қырғыз әріптестерін жақын арада Әзербайжанда өтетін жаңартылатын энергия көздері жөніндегі инвестициялық форумға шақырып, Қырғызстанды осы шараға белсенді қатысуға шақырды.

 

 

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button