Саясат

Түркіменстан тыңайтқыш өндірісін ұлғайту үшін мемлекеттік концернді модернизацияламақ

Түркіменстан азот тыңайтқыштарын өндіруді ұлғайту үшін «Түркіменхимия» мемлекеттік концернін жаңғыртуды жоспарлап отыр

Бұл туралы Түрікменстанның Министрлер кабинетінің отырысында төраға орынбасары Баймырат Аннамамедов мәлімдеді,  деп жазады Trend aгенттігі.

Аннамамедов «Марязот» өндірістік бірлестігінің қуаттылығын кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

«Мамандар сыртқы инженерлік жүйелермен жабдықталған жаңа минералды тыңайтқыштар кешенін салудың техникалық жоспарларын әзірледі», деп айтты Аннамамедов.

Аталмыш жоба ішкі ауылшаруашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру және халықаралық нарықтарға артық өнім беру үшін тыңайтқыш өндірісін арттыруға бағытталған.

Кездесу қорытындысы бойынша Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов жаңа кешен салу туралы ұсынысты мақұлдап, қажетті дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды.

TuraNews

Back to top button