БастыСпорт

Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспайды

Қазақстан теннис федерациясы ұлттық әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакинаның денсаулығына байланысты Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатыса алмайтын болды.

Федерацияның мәліметінше, Рыбакина қазір бронхитпен ауырып жатыр, дәрігерлер оған тек кортқа ғана емес, жарыстарға ұшып баруға да үзілді-кесілді тыйым салған.

«Қазіргі кезде Елена жіті бронхит ауруына шалдыққан, дәрігерлер оған кортқа шықпақ түгілі, тіпті ұшақпен жарысқа ұшып баруына да қатаң тыйым салған. Рыбакина Олимпиадада керемет ойын көрсету үшін барын салып дайындалды, алайда сырқатына байланысты бұл мүмкін болмады.», — делінген хабарламада.

 

TuraNews

Back to top button