Басты

Қырғызстанда селден кейінгі материалдық шығын 1,1 млрд сомнан асты

Қырғызстанда жарты жылда селден келген материалдық шығын көлемі 1,1 миллиард сомнан асты.

Бұл туралы Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп жазады Kazinform.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 24 шілдедегі жағдай бойынша республикада 311 сел болған. Материалдық шығын көлемі 1,1 миллиард сомнан асты. Апат салдарынан елде 22 адам қаза тапты: Ош облысында — 15, Ош қаласында — 5, Жалал-Абад облысында — 1, Баткен облысында — 1.

Естеріңізге сала кетейік, 28 маусымда Қырғызстанның Ноокат облысында сел болды. Табиғи апат салдарынан тұрғындар мен туристер арасында қаза тапқандар бар. Қаза тапқандар арасында қазақстандық балалар да бар.

14 шілдеде Ош қаласында жойқын сел салдарынан 5 адам, оның ішінде бір отбасы мүшелері – анасы мен үш қызы қаза тапты.

TuraNews

Back to top button