Қоғам

ҰҚК Қырғызстанмен шекарада көліктердің жиналуына қатысты түсінік берді

Шекара қызметі қазіргі уақытта Қазақстан-Қырғыз шекарасында Алматы облысындағы "Кеген өткізу пунктінде көлік құралдарының жиналғанын хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл шекаралас аймақтағы жол төсемін жөндеуге байланысты болып отыр.

Басқа бақылау-өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілмеген.

«Осы мән-жайларды ескеруді және мүмкіндігінше қозғалыс бағытын түзетуді сұраймыз», — деп айтты ҰҚК баспасөз қызметі өкілі мәлімдемесінде.

Source
Zakon.kz

TuraNews

Back to top button