«Жаңа халық майданы » Францияның Ұлттық ассамблеясында 182 орынға ие болды.
ТАСС мәліметінше, президент Эммануэль Макронның «Біргеміз» коалициясы екінші орынға тұрақтады, оның мүшелері Парламентте 168 орын алады. Үшінші нәтижеге Марин Ле Пеннің «Ұлттық бірлестік» коалициясы ие, олар 143 орынды қамтиды. Дауыс беру қорытындысы бойынша республикашылар партиясы 45 орынға ие болды. Қалған саяси қозғалыстар тағы 39 орынды өзара бөлісіп алды.
Бұған дейін бірде-бір коалиция Франциядағы парламенттік сайлаудың екінші турының нәтижелері бойынша абсолютті басым дауысқа ие бола алмағаны хабарланған болатын. Франция Премьер-министрі Габриэль Атталь дүйсенбі күні таңертең отставкаға кететінін, бірақ жаңа үкімет құрылғанға дейін жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді. Президент бұған дейін парламентті таратып, өз партиясы Еуропарламент сайлауында жеңіліске ұшырағаннан кейін мерзімінен бұрын сайлау өтетінін жариялаған. Бірінші турда Ле Пен мен Барделланың «Ұлттық бірлестігі» 31,4% дауыс жинаса, ал Макронның «Жаңғыру» партиясы тек 14,6% дауыс ала алды.