ҚоғамТехнология

Өзбекстан мобильді интернет жылдамдығы рейтингінде төмендеді

2024 жылдың мамыр айында Өзбекстан SpeedTest Global Index мобильді интернет жылдамдығы рейтингінде бір позицияға төмендеп, 89-орынға тұрақтады.

Рейтингіні қалыптастырушылардың дерегінше, Өзбекстандағы орташа интернет жылдамдығы 29,50 Мбит/с.

SpeedTest Global Index рейтингіне сай, ТМД елдері арасындағы ең жылдам интернет – Қазақстанда (64-орын). Одан кейін Қырғызстан (74-орын) тұр, ал Ресей – 105, Тәжікстан болса 143-орынға сырғыды.

329,37 Мбит/с. жылдамдықпен Қатар мобильді интернет жылдамдығы бойынша елдер тізімінде бірінші орында тұр, ал сымды интернет жылдамдығы бойынша 289,98 Мбит/с. жылдамдықпен Сингапур көш бастап тұр.

Қоса кетсек, таяуда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министр Жаслан Мәдиев Токиодан ілгері тұрған Астанадағы интернет сапасына өзінің бағасын берген еді.

TuraNews

Back to top button