БастыСаясатЭкономика
Қытай, Қырғызстан мен Өзбекстан бірлесіп темір жол салу туралы келісті
Қытай астанасы Бейжіңде Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы үкіметтерінің арасында «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» темір жолын салу жобасы бойынша келісімге ресми қол қою рәсімі өтті.
![](https://turanews.kz/wp-content/uploads/2024/06/kg-uz-ch-railway-780x470.webp)
Құжатқа Қырғыз Республикасы Көлік және коммуникация министрі Тілек Текебаев, Қытай Халық Республикасының мемлекеттік даму және реформалар комитетінің төрағасы Чжэн Шаньцзе және Өзбекстан Республикасының Көлік министрі Ильхом Махкамов қол қойды.