БастыҚоғам

Өзбекстанда автокөліктегі газ баллоны жарылып, 4 адам қаза тапты

Өзбекстанның Жызақ облысында Nexia-2 автокөлігіне орнатылған газ баллоны жарылып, салдарынан көлік ішіндегі 4 адам оқиға орнында көз жұмды.

Жызақ облыстық жол полициясы басқармасының хабарлауынша, жарылыс салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі (1961 жылы туған), сондай-ақ салондағы тағы үш адам: 1968 жылы туған азамат (жүргізушінің жұбайы), 1993 және 2015 жылғы азаматтар оқиға орнында көз жұмды.

Хабарламаға сәйкес, көлік Ташкент-Термиз бағыты бойынша келе жатып, жанармай құю бекетіне тоқтаған. Содан кейін сағат 13:00 шамасында көлікті басқарып келе жатқанда жолда газ баллоны жарылған.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі инспекциясы газ баллон жабдықтарын уақытылы тексеріп, газ баллондарын толтыру нормаларын сақтау қажеттігін ескертеді.

TuraNews

Back to top button